Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневМашина скорой помощи
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Жазылу
ҚАРАҒАНДЫ, 22 шілде - Sputnik. Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус Қарағанды облысы Осакаров кентінде аударылып қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, оқиға 21 шілде күні кешкі 17.30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде, Алматы – Екатеринбург тасжолында болған.
Қатты желдің салдарынан 33 жастағы "Yutong" автобусының жүргізушісі рульді тізгіндей алмай қалған. Салдарынан автобус аударылған.
Автобус салонында 20 жолаушы болған, оның ішінде 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Полиция сараптама тағайындады. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.
Жаңалықтар
0