Қазақстан 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізе ме – министрлік жауап берді

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуФутбол. ЧМ-2022. Финальный матч
Футбол. ЧМ-2022. Финальный матч - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты өтпейді. Мұнда мәлімдемені мәдениет және спорт министрлігі жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз", - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен ФИФА-ға бірлескен өтінім беруді ұсынғаны хабарланған болатын.
Футбол. Отборочный матч ЧЕ-2020. Казахстан - Россия - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Спорт шенеуніктері футболдан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуді ұсынды
Жаңалықтар
0