Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада ресейлік журналист қаза болды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуПередача писем и подарков бойцам на передовой
Передача писем и подарков бойцам на передовой - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2023
Жазылу
Тілші тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілердің соққысы салдарынан көз жұмды
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Бүгін түске таман Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері РИА Новости мен "Известия" журналистеріне артиллериямен соққы жасады.
Журналистер Украина Қарулы күштерінің Запорожье облысының қалалары мен ауылдарын тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілермен атқылап жатқаны туралы материалдар дайындаумен айналысқан, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.
Украина Қарулы күштері дәл осындай кассеталық оқ-дәрілермен журналистерге соққы жасап, салдарынан төрт адам жарақат алды.
Дала госпитальдарына эвакуациялау кезінде РИА Новости ақпарат агенттігінің әскери тілшісі Ростислав Журавлев қаза болды.
Қалған журналистердің жағдайы орташа, тұрақты. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаңалықтар
0