Астанада жатақханадан шыққан өрттен 60 адам эвакуацияланды

© Photo : Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментіАстанада жатақхана өртенді
Астанада жатақхана өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Астанада жатақаханадан өрт шықты, деп хабарлайды елордалық төтенше жағдайлар департаменті.
"23 шілдеде сағат 21.57-де қалалық өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты",- делінген хабарламада.
Департаменттің мәліметінше, өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр алаңда 2-қабаттағы бөлмелердің бірінде өрт шыққаны анықталды.
Өрт тез таралды, жоғарыдағы бөлмелерді түтін басқан. Үш иінді көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды.
Жатақхананың 60 тұрғыны эвакуацияланды.
Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді.
Өрт 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 41 адам мен 9 техника жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Шымкенттегі Ордабасы алаңында қоймалар өртенді
Жаңалықтар
0