Шымбұлақ бір күнге жабылады: сел курорттың су құбырына зақым келтірді

© PhotoГорный курорт "Шымбулак"
Горный курорт Шымбулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ 24 шілде - Sputnik. Тау шаңғысы әуесқойлары бүгін Алматының Шымбұлақ курортына кіре алмайды. Өйткені онда санитарлық күн жарияланды. Бұл туралы курорт әкімшілігі өзінің Telegram арнасында хабарлады.

"Өкінішке қарай, демалыс орны 24 шілдеде санитарлық тазалық күніне байланысты тұрғындар үшін жабық болатынын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Әкімшіліктің мәліметінше, өткен аптада Тұйық-Су альпі лагері ауданындағы Кіші Алматы өзенінде сел жүрді. Ол жаяу жүргіншілер көпірін шайып кетіп, демалыс орнының бастоғанын зақымдаған.
"Соның салдарынан Шымбұлақта су беру тоқтатылды. Біздің мамандар су қабылдағыш станцияны лай массалары мен тау жыныстарынан тазарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр", - деп мәлімдеді демалыс орнының әкімшілігі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа температурасының көтерілуіне және мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтерілген. Бұл ішуге жарамсыз лас судың пайда болуына әкелді, деп атап өтті Шымбұлақ әкімшілігі.
Десе де, демалыс орны өкілдері Алматы тауларындағы жағдай тұрақты және бақылауда деп сендірді.
Лыжник, Чимбулак, зима, соревнования по  фрирайду - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
"Шымбұлақ" Гиннестің рекордтар кітабына енді
Жаңалықтар
0