Үкіметте егіс науқаны кезінде диқандарды жағармаймен қамту мәселесі қаралды

Үкімет үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Үкіметте егін жинау науқаны кезінде отандық тауар өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
"ҚазМұнайГаз" АҚ мен Энергетика министрлігі егін жинау науқаны кезіндегі АШТӨ операторларын дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша қазіргі жағдай туралы баяндады.
"ҚазМұнайГаз" басшысы Мағзұм Мырзағалиев жеңілдетілген дизель отынын сатып алуға уәкілетті өңірлік операторларды анықтау қарқынының баяу, сондай-ақ ҚМГ МӨЗ дизель отынын АШТӨ-ге басымдықпен жөнелтуді жүзеге асыруға дайындығын атап өтті.
Талқылау нәтижесінде Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, сондай-ақ облыс әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің сұранысын дер кезінде қанағаттандыру бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.
Айта кетері, АШТӨ үшін дизель отынын жеткізу үкіметтің бақылауында.
Жаңалықтар
0