Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған тағы бірнеше қару-жарақ табылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде - Sputnik. Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды анықтады.
Өткен тәулікте қару жасырылған үш ірі орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Тектұрмас” этнотарихи кешенінің аумағында жедел ақпаратты іске асыру барысында қызметкерлер ашық алаңнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған полипропилен қапшықтарды тапты.
Қапшықтардан қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаменті ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі пулемет- тапанша, 20 мм калибрлі ТОЗ-120 бір ұңғылы тегіс оқпанды аңшы мылтығы, ТОЗ-63 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығының екі бірлігі, 4,5 мм калибрлі МР-654 пневматикалық тапаншасы, ИЖ-79 газ тапаншасы, РГД-5 қол гранатасы, АК-47 автоматының оқжатары, түрлі калибрлі 87 патрон және арнайы құралдар табылып, тәркіленді.
Жаңалықтар
0