Маңғыстау облысының тұрғындары жолды өз күшімен жөндеуге кірісті – видео

© Photo : ДП Жамбылской областиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Атамекен ауылының округінің тұрғындары жолдың ой-шұқырын өз күшімен тегістеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Елді мекен Ақтаудың іргесінде орналасқан. Соған қарамастан жолдың сапасы сын көтермейді. Көлік жиі бұзылады, ал жаңбырлы күні жерді миы шығады. Атамекенде 43 мыңнан астам адам тұрады. Олар 2007 жылдан бері асфальт керектігін айтып келеді. Кезінде саяжай болған елдімекен қазір Мұнайлы ауданына қосылған. Бірақ содан бері мәселе шешілген жоқ. Бұған дейін көпшілік бірнеше рет жиналып, көшелердің кем-кетігін өз күшімен жамап тастаған. Осы жолы тағы цементпен жолды тегістеуге тура келді.
"Әкімдік көмектеспегесін өз қалтамыздан қаражат шығарып, өзіміз құйдық. Балаларға айтып, жиналып көп болып құйдық осыны таңғы 6-ға дейін. 5 қалта цемент кетті. Қарауылдап отырдық. Басып кетуі үшін, белгі қойып отырдық", - дейді ауыл тұрғыны Рүстем Көшербаев.
Тұрғындар екі жарым және үш шақырымдық қос көше жолын қалпына келтірген. Ал әкімдік өкілдері аудандық маңыздағы тасжолды толық жөндеу биыл атқарылатын жұмыс жоспарына енгізілгенін айтып отыр. Яғни ескі жол сүріліп, жаңадан асфальт төселеді.
"Ол жердің ой-шұңқырын бітемей отырған себебіз - жаңадан реконструкцияланады. Орталық жолды қайта құрылымдау жобасы жасақталды. Бүгінгі күні қайта сараптамадан өтіп, қаражаты нақтыланып жатыр. Ол жұмыстарға жеңімпаз анықталды. Бұйырса, республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда бұл жұмыстар басталады", - деп атап көрсетті аудандық бөлім басшысының міндетін атқарушы Болат Байбозов.
Жаңалықтар
0