Air Astana компаниясы жұмысқа тұруға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

© Photo : официальный сайт авиакомпании Air AstanaСамолет авиакомпании Air Astana
Самолет авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. "Air Astana" әуе компаниясы жалған жұмыс ұсынатын алаяқтардан сақ болуға үндеді.
"Делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілді орналасу туралы жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеміз. Мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз", - дейді компания мамандары.
Air Astana-да жұмысқа орналасудың көп сатылы жүйесі бар. Осы саладағы шаралар ашық жүргізіледі.
"Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары www.job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады. Алаяқтардың тұзағына түсіп, алданып қалмаңыз", - делінген ресми хабарламада.
Жаңалықтар
0