Қарағандыда шолу шеңбері тоқтап қалды - аттракционның ішінде адамдар болған

© Sputnik / Болат ШайхиновКолесо обозрения
Колесо обозрения - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қарағандының орталық саябағында шолу шеңбері тоқтап қалды. Аттракцион тоқтағанда ішінде адамдар болған.
Саябақ қызметкерлері шеңберді қолмен айналдырып, адамдарды түсірді.
Оқтға, кеше 5 тамызда болды.
Шеңбер электр қуатының үзілуінен тоқтаған.Сол кезде "Қарағанды Жарық" ЖШС электр беру желісінің бірінде апат болған.
"Қарағанды Жарық" ЖШС тарапынан жарықтың сөнуінен шолу шеңбері де тоқтап қалды, бірақ қызметкерлер бұл аттракционды қолмен айналдырып, барлық келушіні сыртқа шығарды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Қарағанды саябақ басшылығы.
Саябақтың басқа да аттракциондары тоқтаған. Зардап шеккендер жоқ.
Электр беру желісіндегі апатқа байланысты Ермеков, Анжерская, Липецкая, Академиялық, Крамский, Чкалов, Бадин, Аманжолов, Гоголь, Ботаникалық көшелері жарықсыз қалған.
Жаңалықтар
0