Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы. Виды города
Алматы. Виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. 2026 жылы Алматы ТМД-ның спорт астанасы болады. Ұйымның дене шынықтыру және сопрт кеңесі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТМД-ның атқарушы комитетіне сілтеме жасап.
Минскіде өткен жиында ТМД елдері спорт әкімшіліктері мен ұйымның атқарушы органдары алдағы жоспарды талқылады. Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарлар да пысықталды.
Кеңес қабылдаған шешімдердің бірі – 2025 жылғы ТМД елдері ойындарын Әзербайжанда өткізу. Бұдан бөлек, тағы бір жаңа жарыстар басталады. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы спартакиада, Достық ойындары, "Болашақ ойындары" халықаралық турнирі және шахматтан ТМД кубогы сияқты жарыстар бар.
Айта кетері, биыл Беларусьта өткен ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 9-шы орынға ие болды.
Осень в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Алматы 2023-2024 жылдарға ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы болды
Жаңалықтар
0