Қытаймен визасыз режим әлі күшіне енген жоқ – министрлік

© Sputnik / Санат ИмангалиевАйбек Смадияров
Айбек Смадияров - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимге қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, шілденің соңында үкімет екі жақты келісімшартты арнайы қаулымен бекіткен. Қытайдың сыртқы істер министрлігіне хабар берілді. Осыдан кейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында визасыз режим күшіне енді деген ақпарат жарияланды. Бірақ мәлімет шындыққа жанаспайды, өйткені Қытай да екіжақты келісімшартты бекітуі керек. Содан кейін бір ай өткен соң ғана визасыз режим күшіне енеді.
"Қазақстан үкіметі осы келісімді бекіту туралы қаулыны қабылдаған кезде бірнеше ақпарат құралы қате ақпарат таратып, келісім күшіне енді деп жазып жіберді. Ол дұрыс емес. Біздің қаулымыз Қазақстан ішкі процедураларды аяқтады дегенді білдіреді. Енді біз Қытай тарапынан ішкі процедуралардың ақталғаны туралы тиісті хабарламаны күтеміз. Хабарлама келгеннен бастап 30 күнтізбелік күннен кейін келісім күшіне енеді", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің басталғаны туралы ақпарат Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланады.
Флаги Казахстана и Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2023
Қазақстан үкіметі Қытаймен визасыз режим туралы келісімді бекітті
Жаңалықтар
0