Министр Саясат Нұрбек студенттер үшін жағымды жаңалықты бөлісті

© Sputnik / Егор Алеев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде білім алушыларға арналған 500 орындық жаңа жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Оқу орнының өз қаражаты есебінен бой көтерген студенттер үйінде қазіргі заманға сай барлық қолайлы жағдай жасалған", - деп жазды министр.
9 қабатты нысанның әр секциясында ас, жатын және жуыну бөлмелері бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзия форматына сәйкес арнайы бөлмелер мен мүгедектігі бар білім алушыларға 16 орын қарастырылған. Бұдан бөлек, студенттер үйінде дәріхана, фитнес залы мен арнайы тамақтану орны да бар.
Саясат Нұрбектің мәліметінше, бүгінде нысанда негізгі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Қазіргі күнде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жатақхана қазан айында студенттердің игілігіне пайдалануға берілмек.
Жатақхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жыл соңына дейін студенттерге арналған 26 жатақхана салынады
Жаңалықтар
0