Шымкентте таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласында 235 адамды алдаған қылмыстық топ сотталды. Алаяқтар таныстары мен туыстарын да сан соқтырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, қылмыстық топ мүшелері "тендермен айналысатын бастығына" көмек қажеттігін алға тартып, туыстары мен таныстарын несие рәсімдеуге үгіттеген. Қарызды толық өтеуге уәде еткен. Ал кредит рәсімдеген адамға өз ақшасынан "рақметін" беріп отырды.
"Олар көбінесе тауарға несиені рәсімдетіп, алынған қымбат техниканы қайта сатып жүрді. Одан шыққан соманың 10-12% пайызын сыйақы ретінде беріп отырған. Алайда, ай сайынғы төлем уақыты келгенде, күдіктілер қоңырауға жауап бермей, байланысқа шықпаған. Соның салдарынан несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға белшесінен батты", - дейді полицейлер.
Қылмыстық топқа 23-43 жас аралығында 4 әйел мен 7 ер адам кірген. Олардың ішінде екеуі банк менеджері болып істеген. Әрқайсысы өз міндетін атқарды. Біреуі несие алатын адамдарды тауып берсе, тағы екеуі кредит рәсімдеді. Қалғандары тауарларды алып-сатумен айналысқан.
Алаяқтар Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұратын 235 адамды алдап кеткен. Арызданушылар әртүрлі банктерден 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған. Ал шығынның көлемі 340 млн теңгені құрады.
Сот үкімімен айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0