Қазақстан Еуропаның тағы бір елімен визасыз режим рәсімдейді

© Sputnik / Андрей Александров / Медиабанкке өтуАрхивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы
Архивное фото сотрудника погранслужбы, ставящего штамп о пересечении границы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Сан-Марино Республикасы арасында визасыз режимді енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашық НҚА" сайтында екі елдің арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы қаулының жобасы жарияланды. Осы құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Сан-Мариноға алты ай сайын 90 күн визасыз жүре алады.
"Шенген келісімінің Уағдаласушы тараптары мемлекеттерінің бірінің аумағына бірнеше рет келу/кету бойынша Шенген келісімінен туындайтын міндеттемелерге нұқсан келтірместен бірінші кірген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күн ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде бір мәрте немесе бірнеше мәрте келуге, кетуге, транзит арқылы өтуге және уақытша болуға визалық талаптардан босатылады. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 90 (тоқсан) күндік көрсетілген мерзім Шенген аймағына алғаш кірген күннен басталады", - делінген қаулының жобасында.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстан Еуропада орналасқан бірқатар елімен визасыз режимді рәсімдеген болатын. Олардың ішінде Албания, Черногория мен Молдова бар.
Жаңалықтар
0