Талдықорғанда белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинСандугаш Дуйсенова
Сандугаш Дуйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2023
Жазылу
Ол тиісті процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды.
Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 11 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенова Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.
"Бұл бап бойынша жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.
Журналист қалалық полиция басқармасына жеткізілген. Ол кінәсін мойындап, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, деп атап өтті полициядағылар.
Жаңалықтар
0