Тәрбиешілердің жалақысы тағы 30%-ке өседі

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Жазылу
97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 2,5 есеге өседі
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы тағы көтеріледі, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Мектепке дейінгі білім беру депаратментінің басшысы Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде білім беру қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 25 пайызға көтеріліп тұрды. 2023 жылы қыркүйектің 1-інен бастап тағы 30 пайызға артады. Осылайша, 97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 2,5 есеге өседі.
"Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарына әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды", - дейді Жұмаділдаева.
Айта кетері, бүгінде 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша маман даярланады. Оған қоса, колледждер мектепке дейінгі ұйымдармен бірлесіп өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, "Педагог" кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартып отырады.
Сондай-ақ, педагогикалық колледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды. Биыл мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 20 мыңнан астам педагогы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Жаңалықтар
0