Дерекқор

Ипотеканы тиімді шартпен алу үшін не істеу керек

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Жазылу
Қазақстанда ипотеканың проценттік мөлшерлемесі жоғары. Алайда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша тиімді кредит алуға болады
15 тамыздан бастап тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында әлеуметтік ипотека жаңа әдіспен беріле бастады. Sputnik Қазақстан 2023 жылы баспананы тиімді кредитке рәсімдеу шарттарын зерделеп шықты.

Банктен 100 миллионға дейін алуға болады

Бүгінде банктер ұсынатын ипотекаға тікелей құрылыс компанияларынан және қолданыстағы тұрғын үйлерден баспана сатып алуға болады. Ал ондай ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі шамамен 20-21 процентті құрайды.
Бастапқы жарнасыз ипотека алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге қою керек. Басқа біреудің атындағы пәтер немесе жеке үй де кепілзатқа қабылдана береді. Сосын үйдің локациясына шектеу жоқ. Мәселен, ипотека Астанадағы пәтерге рәсімделсе, кепілзатқа Қазақстанның басқа аймағындағы баспананы ұсынуға болады. Бірақ үйдің бағасы ипотека сомасының 20 процентінен кем болмауы керек.
Ипотеканың шекті сомасы 100 миллион теңгеге дейін барады. Ал мөлшерлемесі ипотеканың мерзіміне қарай есептеледі. Ипотека ұзақ уақытқа рәсімделсе, мөлшерлемесі жоғары болады. Сосын кредит алатын адамның жасына шектеу бар. Қарыз алушы 60-тан аспауы шарт.

Жеңілдетілген ипотека бар ма

Қазақстанда бір ғана жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама бар. Ол – "7-20-25". Оған сәйкес, 7 проценттік кредитті 20 процент алғашқы жарнамен 25 жылға алуға болады.
Бағдарлама талаптары:
өтінім берген адамның басқа баспанасы болмауы керек;
ипотека тек жаңадан салынған үйлерге беріледі, құжаты да болуы шарт;
баспананың бағасы шекті сомадан аспауға тиіс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау мен Шымкентте – 25 миллион теңге, Қарағанды мен Түркістанда – 20 миллион, басқа аймақтарда 15 миллион теңге);
7 проценттік ипотеканы бір рет қана алуға болады.
Биылдан бастап бұл бағдарламаға тоқсан сайын 100 миллиард теңгеден бөлуге шешім қабылданды. Бірақ лимит тез таусылып қалып жатыр. Соған қарамастан Ұлттық банк өз шешімін өзгертпейді. Себебі бағдарламаның ақшасын бірден бөліп берсе, баспана нарығында сұраныс күрт көтеріледі. Салдарынан баға өсіп кетеді.

Отбасы банктің ипотекасы

Бүгінде Отбасы банкте бірнеше ипотекалық бағдарлама бар. Олар – "Өз үйім", "Ұмай". Өңірлік бағдарламалар да бар.
Мәселен, "Өз үйім" барлық салымшыға арналған. Онымен 3,5 проценттік ипотека алуға болады. Бірақ үш жылдың ішінде үйді сатып алуға қажетті қаражаттың 50 процентін жинау керек. Бұдан бөлек, арнайы бағалау жүйесі бар. Бағалау көрсеткіші жыл сайынғы сыйақы көлемімен есептеледі. Есепшотта неғұрлым көп ақша болса, көрсеткіш те соғұрлым жоғары болады. Талап бойынша 16 ұпай (ОП) болуы қажет.
Дегенмен 20 проценттік бастапқы жарнаны салып, алдын ала займ алуға мүмкіндік бар. Қалған ақшаны банк береді. Бірақ несие мөлшерлемесі 7 процент болады. Бірден 50 процентін құйғанда аралық займ беріледі. Оның мөлшерлемесі де 7%. Бірақ үш жылдан кейін 5 процентке дейін түседі. Ипотека мерзімі: 6 ай – 25 жыл.
Ал "Шаңырақ" пилоттық жобасы бойынша өтінім қабылданбайды. Себебі "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы тоқтатылды. Оның орнына тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қолға алынды. "Бақытты отбасы" бағдармасы да тоқтатылды.

Кезекте тұрғандарға әлеуметтік ипотека қалай беріледі

15 тамыздан бастап тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік ипотека жаңа әдіспен беріледі.
Әлеуметтік ипотеканың шарттары:
Алғашқы жарна - 10%;
Мөлшерлемесі – 2-5%;
Несие мерзімі - 20 жылға дейін.
2 проценттік ипотека бірнеше санатқа беріледі:
1.
I және II-ші топтағы мүгедектер;
2.
мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
3.
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
4.
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар.
Барлық санат бойынша кіріске шектеу қойылмайды. Кредиттің ең жоғарғы сомасы да шектелмейді. Әлеуметтік пәтердің максималды ауданы 80 шаршы метрден аспауы керек.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтінім otbasybank.kz порталында әрбір адамның тұрғылықты жері бойынша ғана қабылданады.
Жаңалықтар
0