Қарағанды облысындағы шахтадағы өрт: екі адам ауыр жағдайда, бес адам әлі табылған жоқ

© AP Photo / Jeffrey T. BarnesШахтер
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Қарағанды облысында төтенше жағдай: "Қазақстан" шахтасында конвейерлік таспа өртенді, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау".
170 метр тереңдікте жер астында 227 адам болған. Басым көпшілігі жер бетіне шығарылды, бірақ бес кенші әлі табылған жоқ.
Эвакуацияланғандардың төртеуі көміртегі тотығымен уланған: екеуінің жағдайы ауыр. Олар Қарағанды ауруханасына жеткізілді. Ал екеуі жеңіл түрде уланған, қазір Шахтинск ауруханасында ем алып жатыр.
Архивное фото капельницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
"Қазақстан" шахтасындағы өрт: төрт адам ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0