Үкімет валюталық түсімдерді сату туралы норманың күшін жойды: бұл нені білдіреді

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, доллар, иллюстративті фото
Теңге, доллар, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Жазылу
Валюталық түсімдерді міндетті түрде сату нормасы алғаш рет пандемия кезінде, 2020 жылы енгізілді
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк валюталық түсімдердің 30%-ын міндетті сату туралы норманың 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылғанын хабарлады.
"Қазақстан үкіметі валюта нарығының теңгерімділігін ескере отырып және квазимемлекеттік сектордағы компанияларға валюта ағындарын басқару кезінде мүмкіндіктерін кеңейту үшін валюта түсімдерінің 30%-ын міндетті сату жөніндегі норманың күшін жойды. Бұл шешім 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Үкімет бұл шараны алғаш рет 2020 жылы сыртқы жағдайлардың нашарлауына байланысты қолданған еді. 2023 жылдың ақпан айында міндетті сату нормасы 75%-дан 50%-ға дейін, ал 2023 жылғы шілдеден бастап 50%-дан 30%-ға дейін төмендетілді.
Бұл шешімді Sputnik Қазақстан тілшісіне қаржыгер Расул Рысмамбетов түсіндірді.
Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор үшін валюталық түсімдерді міндетті түрде сату нормасы COVID карантині басталған кезде енгізілген.
Бұл теңгені аз да болса қолдау үшін жасалған шара болды, дейді сарапшы.
"Бастапқыда нарықтық экономика аясында квазимемлекеттік сектор ешнәрсе сатуға міндетті емес еді. Бірақ пандемия, карантин жағдайды өзгертті. Үкімет жеке секторға аздап көмектесуді ұйғарды. Яғни, бұл "пандемияға" қарсы шара болды. Енді оны неге тоқтатты? Өйткені мұнайдың бағасы қолайлы болып тұр деп ойлаймын", - деді Расул Рысмамбетов.
Жаңалықтар
0