Спорт

Қазақстандық студент әлем чемпионы атанды

© Sputnik / Михаил Киреев / Медиабанкке өтуЖанкүйер, архивтегі сурет
Жанкүйер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2023
Жазылу
Жас отандасымыз Польшада біріншілікте екі "алтын" иеленген
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Бірінші курс студенті Ахметжан Ерасыл Варшавада грэпплингтен әлем чемпионы атанды. Қуанышты жаңалықты ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бөлісті.
Ахметжан Ерасыл дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына 1 курсқа мемлекеттік грантпен оқуға түскен.
Варшава қаласында өткен Әлем чемпионатында отандасымыз грэпплингтен және грэпплинг гиден екі алтын медаль жеңіп алды.
"Ерасылдың табандылығы, қажырлы еңбегі мен спортқа деген адалдығының арқасында осындай жетістікке қол жеткізіп, Отанымыздың көк туын әлем чемпионатында жоғары белестен таныта білді", - деген министр Ерасылға спортта және оқуда тек жаңа жетістіктер тіледі.
Грэпплинг – жекпе-жектің бір түрі.
Милад Карими выступает на брусьях в многоборье на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2023
Спорт
Қазақстандық гимнаст Дүниежүзілік Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды
Жаңалықтар
0