Ресейде ұшақ апатынан 10 адам көз жұмды

© Sputnik / Михаил Царюк / Медиабанкке өтуЧастный самолет потерпел крушение в Тверской области
Частный самолет потерпел крушение в Тверской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2023
Жазылу
Росавиация көз жұмған 10 адамның тізімін жариялады
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Ресейдің Тверь облысы Куженкино елді мекенінің маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Риа Новости.
Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, бортта 3 пилот пен 7 жолаушы болды, барлығы қаза тапты.
"МНТ-Аэро" компаниясына тиесілі ұшақ Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Ол Куженкино ауылының маңында құлаған.
Росавиация көз жұмған 10 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен өзге де мүшелері бар.
Ұшақ апатынан көз жұмғандар тізімі:
Евгений Пригожин;
Дмитрий Уткин;
Сергей Пропустин;
Евгений Макарян;
Александр Тотмин;
Валерий Чекалов;
Николай Матюсеев;
Алексей Левшин (әуе кемесінің командирі);
Рустам Каримов (екінші пилот);
Кристина Распопова (бортсерік).
"Embraer-135 (EBM-135BJ) "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің бизнес санаттағы жеке ұшағы болған.
Жаңалықтар
0