Абай облысында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКазино
Казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Абай облысында букмекерлік кеңсе атын жамылған "Sport Bar" заңсыз ойын бизнесінің қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
"STOP Ойын" шарасы аясында облыстық полиция департаментінің "Арлан" арнайы жасағымен бірлесіп, Семей қаласында екі мекенжай бойынша банкноттарды қабылдайтын және қолма-қол ақшалай ұтыс беретін терминалдар, компьютерлер, ақша және т.б. заттай айғақтар тәркіленіп алынды", - деп жазылған хабарламада.
Бір топ адамның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Айта кетері, Қазақстанның "Ойын бизнесі" туралы заңына сәйкес бәс тігуді немесе жүлде беруді қолма-қол ақшамен іске асыратын букмекерлік кеңселер мен лотереялардың кассалары тек қана Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында орналастырылуға тиіс.
Жаңалықтар
0