Экономика

Қазақстанда Kia зауыты салынады – құжатқа қол қойылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2023
Жазылу
Инвесторлар жобаға 90 млрд теңге құяды, құрылыс биыл күзде басталады
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанда Kia корпорациясымен бірлескен кәсіпорын пайда болады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдеріндегі Kia корпорациясының президенті Санг Гвон Джонгпен кездесті.
Кездесу барысында елімізде "Kia Qazaqstan" бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылды. Жаңа зауыт Қостанай қаласында салынады. Инвесторлар жобаға 90 млрд теңге құяды.
"Қазақстанда Kia зауытын құру туралы шешім республика президенті мен үкіметінің жоғары деңгейде назар аударуының арқасында қабылданды. Біз өз тарапымыздан бар күш-жігерімізді саламыз және алғашқы қадам ретінде құрылысты осы жылдың қазан айында бастаймыз. Жалпы Kia-ның шетелдегі мұндай ынтымақтастығы әлемде теңдесі жоқ екенін атап өткім келеді", – деді Санг Гвон Джонг.
Жаңа Kia зауытында өндірістің толық кезеңі 2025 жылы ашылмақ. Оның өндірістік алаңы 85 мың шаршы метрден асады, 1500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
Айта кетері, зауыт құрылысының жоспарын инвесторлар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай қаласында брендтің шағын өндірісін іске қосу сапары кезінде алғаш рет айтқан болатын. Өнеркәсіптік ынтымақтастық жобасы Қазақстан-Кореяның екіжақты экономикалық ынтымақтастығының жарқын үлгісіне айналды, деп атап өтті үкіметтегілер.
Өткен жылдың соңында екі ел арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллардан асса, Кореядан Қазақстанға құйылған тікелей шетелдік инвестиция 1,5 млрд долларға жетті, бұл – экономикалық қатынастардың бүкіл тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2023
Қостанай Қазақстанның жетекші автоөндіріс орталығына айналуы мүмкін
Жаңалықтар
0