Саясат

Қазақстан МАГАТЭ-мен соттаспайды – СІМ

© Sputnik / Санат ИмангалиевАйбек Смадияров
Айбек Смадияров - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстан МАГАТЭ-нің директорлар кеңесінен орын алу үшін ұйымның бас конференциясының алдағы сессиясына қарар жобасын енгізуді жоспарлап отыр.
ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Bloomberg-те жарияланған Қазақстан МАГАТЭ-ге қарсы сот талап-арызын дайындап жатыр деген материалға қатысты түсініктеме берді.
Оның айтуынша, бұл көптен бері шешілмей жатқан мәселе. Яғни, МАГАТЭ-ге мүше жекелеген мемлекеттердің агенттіктің басқару органдарында өкілдік етпеуіне қатысты.
"Қазақстан агенттік тарихында алғаш рет МАГАТЭ-нің өңірлік топтарына кірмейтін және іс жүзінде МАГАТЭ-нің басқарушы органдарына сайлану құқығынан айырылған 17 елдің тізімін кодификациялауға қол жеткізді. Бұл тізімге Орталық Азияның барлық елі, Израиль, Непал, Бахрейн, Камбоджа, Бруней Дар ус Салам және басқалары да кіреді. Осыған орай, Қазақстан бұл мәселені шешу жөніндегі қарар жобасын МАГАТЭ-нің Венадағы бас конференциясының алдағы сессиясына енгізуді жоспарлап отыр", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Айтуынша, ағылшын тіліндегі Bloomberg мақаласының түпнұсқасында орыс тіліне аудару кезінде бұрмаланған дәл осындай хабарлама айтылған.
"Бұл сот арқылы талап ету емес, консенсустық қарарды енгізу туралы айтып отырмыз. Қазақстан мүдделі елдермен және МАГАТЭ хатшылығымен бірлесіп, осы мәселені реттеу және ұйымға қатысушылардың барлығының консенсусына негізделген құқықтық тетікті табу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біз соның ішінде ядролық бестік тарапынан үлкен қолдауға ие болдық", - деді СІМ ресми өкілі.
МАГАТЭ бас конференциясы қыркүйек айының соңында Венада өтеді.
МАГАТЭ – атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.
Жаңалықтар
0