Ақтөбеде әуе қорғанысы күштерінің институты алғаш рет қыздарды оқуға қабылдады

© Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбедегі Әскери институт тұңғыш рет курсант қыздарды оқуға қабылдады
Ақтөбедегі Әскери институт тұңғыш рет курсант қыздарды оқуға қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Жазылу
Тәуелсіздік алғаннан бері мұнда 2700 офицер дайындалды
АЛМАТЫ, 31 тамыз - Sputnik. Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтына биыл 200-ден астам курсант қабылданды. Оның ішінде "әскери медицина" мамандығы бойынша 22 қыз бар.
Конституция күні қарсаңында институттың жас курсанттары әскери ант қабылдады.
Курсанттар елдің түкпір-түкпірінен жиналды. Жамбыл облысы Тараз қаласынан келген Нұрасыл Құрман бала кезінен ұшқыш болуды армандаған.
© Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбедегі Әскери институт тұңғыш рет курсант қыздарды оқуға қабылдады
Ақтөбедегі Әскери институт тұңғыш рет курсант қыздарды оқуға қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2023
Ақтөбедегі Әскери институт тұңғыш рет курсант қыздарды оқуға қабылдады
"Менің туыстарымның арасында әскери адамдар бар. Мен бала кезімнен ұшқыш болуды армандадым. Мен 40 күндік іріктеуден абыроймен өттім. Менің мамандығым - "жауынгерлік басқару офицері", мен ұшақтарды басқарамын", - деді Нұрасыл Құрман.
Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты - Орталық Азиядағы ұшу және инженерлік-техникалық құрамды оқытатын жалғыз әскери институт. Тәуелсіздік алғаннан бері мұнда 2700 офицер дайындалды.
Қазір оқу орны заманауи авиациялық тренажерлерді қолдана отырып, жоғары білікті авиациялық кадрларды дайындауда. 2021 жылдан бастап институт ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша мамандар даярлауды бастады.
Әскери ұшқыштар елорда аспанында мемлекеттік туды алып өтті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Видео
Әскери ұшқыштар елорда аспанында мемлекеттік туды алып өтті – видео
Жаңалықтар
0