Qorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығарылды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаҰлттық банк ғимараты
Ұлттық банк ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық банк бүгін "Дала қазынасы" сериясынан QORQYT ATA коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.
Монеталар 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
QORQYT ATA монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.
© Photo : Ұлттық банктің баспасөз қызметіQorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығарылады
Qorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығарылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
Qorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығарылады
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Еліміздің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Сайт пайдаланушылары "Қазақстан монеталары" мобильді қосымшасын PlayMarket пен AppStore дүкендерінен тегін жүктеп алуына болады. Онда барлық монетаға қатысты ақпарат бар.
Қорқыт ата – жыршы, музыкант әрі композитор. Аңыз бойынша Қорқыт Сырдария даласынан шыққан және VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. 1980 жылы Қызылорда қаласында "Қорқыт ата" мемориалдық кешені салынды. Мәдени мұра ретінде ресми түрде ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп, 2018 жылғы 28 қарашадан бастап мемлекеттің қорғауына алынды.
Жаңалықтар
0