Тоқаев Вьетнам президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев встретился с президентом Вьетнама Во Ван Тхыонгом
Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Вьетнама  Во Ван Тхыонгом - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2023
Жазылу
Ол жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынасының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларды ерекше еске алатынын атап өтті
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Жаңалықтар
0