Әлеуметтік желіде экс-генерал Күдебаевтың түрмедегі суреті тарады

© Sputnik / Жанна Етекбаева Серік Күдебаев
Серік Күдебаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Жазылу
Бұрынғы құқық қорғау органдарында қызмет еткен сотталғандардың түрмедегі жағдайы қазақстандықтардың арасында дау тудырды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі экс-генерал Серік Күдебаевтың түзету мекемесінде жаза мерзімін бірге өтеп жатқандармен түскен суретіне қатысты жауап берді. Бұрынғы жоғары лауазымды полицей Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың бірінде қамауда екені белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Photo : Фото, распрстраняемое в социальных сетях Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінің түрмедегі жағдайы
Условия тюрьмы для бывших сотрудников силовых структур Казахстана. - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2023
Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерінің түрмедегі жағдайы
Әлеуметтік желіде Серік Күдебаевтың суреті пайда болды. Пост авторы суреттегі сотталғандардың барлығы бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін және кадрдағы сәтте олар Конституция күнін тойлап жатқанын жазды. Автор түзету мекемесінде жағдай жақсы екеніне тоқталып, мол дастарқан жайылғанын да тілге тиек етеді.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл сурет Шығыс Қазақстан облысында орналасқан 22 мекемеде түсірілген деп түсіндірді. Енді сотталғандардың ұялы телефон пайдалану фактісі бойынша қызметтік тексеріс басталды.
"Алдын ала анықталғандай, ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан дайын тағам алған. Тексеру барысында тыйым салынған тағамдар (алкогольді ішімдіктер) анықталмаған. Сотталғандардың ұялы телефон пайдалануы, сондай-ақ бейнебақылау камерасының объективін бүркемелеу фактілері бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомство ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, сотталғандар сәлемдеме және жеткізілім түрінде азық-түлік алуға құқылы екенін мәлімдеді. Олардың бос уақытта арнайы бөлінген үй-жайларда тамақтануға құқығы бар екені және бұл талаптар мекеменің барлық түріне қатысты екені түсіндірілді.
"Әрбір түскен ақпарат мұқият тексеріліп, заң бұзушылық расталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдаймыз", - деп хабарлады крмитеттің баспасөз қызметі.
Серик Кудебаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2023
"Халыққа қарсы оқ атпадым": генерал Күдебаев сотта соңғы сөзін айтты
Жаңалықтар
0