Түркияда жол апатынан атыраулық журналист көз жұмды

© PhotoСкоропостижно скончалась известная журналистка, основательница детского реабилитационного центра "Зейін Атырау" Арайлым Бакытжан
Скоропостижно скончалась известная журналистка, основательница детского реабилитационного центра Зейін Атырау Арайлым Бакытжан - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Антальядағы ірі жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Түркия елінде ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қайғырып көңіл айтты.
"Антальядан суық хабар келіп жатыр... Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын" делінген хабарламада.
Айта кетейік, Антальядағы ірі жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі Қазақстан азаматтары.
Микроавтобус с казахстанскими туристами попал в серьезное ДТП в Турции - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: екі қазақстандыққа ота жасалды
Жаңалықтар
0