Қоғам

Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды

Асхат Шахаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Шахаров Тоғжановтың орнына келді
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Асхат Шахаров Ақтөбе облысының әкімі болды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін бұл облысты Ералы Тоғжанов басқарған болатын.

Асхат Шахаров кім

Асхат Шахаров 1978 жылы 3 қазанда Орынбор облысында туған.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясын дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – спорт бойынша жаттықтырушы, 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "халықаралық экономист" мамандығы бойынша, ал 2013 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын бітірген.
Әр жылдары Ақтөбе облысында оқытушы болып жұмыс істеген.
2013-2017 жылдары БҚО Қаратөбе ауданының әкімі;
2017-2020 жылдары БҚО Зеленов ауданының әкімі;
2020-2022 жылдары Ақтөбе қаласының әкімі болды.
2022 жылғы қарашадан бері президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағы бар.
Бұған қоса самбодан үш дүркін әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогы иегері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Жаңалықтар
0