Елорда тынысы

Ертең Астанада дабыл жүйелері іске қосылады

Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын үрейленбеуге шақырды
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ертең, 6 қыркүйек таңертең Астанада халықты төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыруға арналған дабыл жүйелері іске қосылады, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаменті.
Қазір елімізде "Қорғау-2023" республикалық штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
"Соның аясында 6 қыркүйекте алдын ала болжам бойынша сағат 09.00-де теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарды қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі", - делінген хабарламада.
ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға және үрейленбеуге шақырды.
Айта кетері, қандай да бір төтенше жағдай болған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары іске қосылады. Ол "Баршаңыздың назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.
Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар төтенше жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және тағы басқа) қосуға тиіс.
Жаңалықтар
0