Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі болды

© Photo : сайт премьер-министра КазахстанаГабит Сыздыкбеков
Габит Сыздыкбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін қала әкімінің қызметін Мұрат Әйтенов атқарған еді.
Ғабит Сызбықбеков туралы не белгілі?
Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы СІМ мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған. 2017 жылға дейін СІМ түрлі қызмет атқарды.
2017-2019 жылдары – парламент сенаты төрағасының кеңесшісі; парламенті сенаты аппаратының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2019 жылғы қыркүйектен 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарды.
2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болды.
2023 жылғы ақпаннан осы уақытқа дейін Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.
Жаңалықтар
0