Түркияда Тәттімбет ескерткіші ашылды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуВид на город Анкара
Вид на город Анкара - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Жазылу
Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылған шараға Тәттімбет Қазанғапұлының ұрпағы арнайы келіпті
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Анкарада қазақтың шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушы, композитор Тәттімбет Қазанғапұлының есімі ұлықталды.
Түрік астанасында күйшіге ескерткіш қойылды. Ал "Тәттімбет" атындағы халық аспаптар оркестрі бауырлас елде гастрольдік сапар ұйымдастырды, деп хабарлайды Хабар 24.
Анкарадағы Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы саябақ 2016 жылы күйшінің 200 жылдығына ашылған. Араға 7 жыл салып мәдени нысанның қақ ортасында күй өнерінің классигіне арналған ескерткіш бой көтерді. Туынды авторы Мұрат Мансұров. 2,5 тонна қола ескерткіш Қарағанды облысы әкімдігінің Анкараға тартуы болды.
Этимесгут муниципалитеті мэрі Энвер Демирелдің айтуынша, бұл жерде Дина Нұрпейсова мен Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілген қос саябақ бар.
"Мұндай нысандар халықпен халықты бірлестіріп, бірін-бірі жақсы тануда үлкен рөл атқарады. Сондықтан осындай жерлеріміздің саны арта берсін", - дейді ол.
Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылған шараға Тәттімбет Қазанғапұлының ұрпағы арнайы келіпті. Айтуынша, Анадолыда бабасына ескерткіштің бой көтеруі күллі қазақ үшін зор мәртебе.
"Түркия астанасында Тәттімбет бабамызға ескерткіш ашылуының куәсі болды. Ескерткіштің ашылуы тек Тәттімбет ұрпақтары, Қарағанды облысы емес, жалпы қазақ еліне деген үлкен құрмет", - дейді Тәттімбет Қазанғапұлының ұрпағы Сләмиден Нұркенов.
Тәттімбет Қазанғапұлының есімі ұлықталған жерде әрқашан да Тәттімбет халық аспаптары оркестрі жүреді. Бұл жолы да, өнерпаздар Анталия, Анкара мен Аланияға барып, жергілікті тұрғындарды қазақтың ән мен күйіне бөлемек.
Абай Құнанбайұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2021
Әлем
Түркияда Абайға ескерткіш орнатылып, ақын атындағы саябақ ашылды
Жаңалықтар
0