Бірқатар өңірде жатақхана мәселесі толық шешілді

Жатақхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Жазылу
Студенттер грантқа түсті ме, ақылы оқи ма – барлық студент жатақханадан орын алуға құқылы
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар өңірде жатақхана мәселесі толық шешілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның мәліметінше қазіргі таңда елімізде 380 жатақхана бар, ондағы төсек орын саны – 106 203. Оның ішінде 182 объекті бойынша 24 560 төсек орын жалға алынған.
"Сонымен қатар өңірлік университеттердің әлеуетін арттыру үшін ЖОО-ларға квоталар берілді. Оған қоса Алматы және Астана қалаларындағы жатақханаға деген қажеттілік халық санының өсуі, урбанизация және студенттік көші-қон есебінен туындап отыр", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың, яғни тегін оқуға бөлінетін гранттардың 27,6% немесе 18 993 грантты өңірлік ЖОО үшін квота түрінде берді.
Жыл соңына дейін 26 жатақхана пайдалануға беріледі. 2023 жылғы жоспар бойынша ЖОО үшін 8 мыңнан астам төсек орындық 32 жатақхана тапсырылмақ, оның ішінде 2 600 төсек орындық 6 жатақхана пайдалануға берілді. Қалған 6 мыңнан астам төсек-орындық 26 жатақхана жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.
Жаңалықтар
0