Атырау облысында алты ауылды құм басып қалуы мүмкін

© Photo : 24.kzАтырау облысында алты ауылды құм басып қалуы мүмкін
Атырау облысында алты ауылды құм басып қалуы мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2023
Жазылу
Құмды төбелер тағы 30 ауылға жақындады
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының алты елді мекенін құм басып қалуы мүмкін. Билік онымен сексеуіл егу арқылы күреспек, деп хабарлайды 24.kz.
Құм дөңдерінен қауіп төнген елді мекендердің бірі – Қарабау ауылы. Бұл жерде жайылым жоқтың қасы, ауыз су жетпейді, құм құдықтарды бітеп тастаған.
"Бұрын бұл жерде құдық болған, құм басып қалды. Қазір ең жақын құдық шет жақта. Мал жаятын жер жоқ. Ал жел күшейгенде шаңды дауылдан бас сауғалаймыз", - дейді ауыл тұрғыны Нұралы Өміров.
Жергілікті билік Қарабауды 40 гектар аумақта егілген сексеуілмен қоршау жасау арқылы қорғауды көздеп отыр. Ауылды шаңды дауылдан құтқару шаралары 2015 жылы басталған. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 1,5 миллион теңгеге қаңқалы қорған салынды. 8 жылдан кейін бұл құрылымды нығайту қажет болып тұр.
"Қазір ең қауіпті жерлер анықталды, бірден бірнеше ауылдың жерге орналастыру жобалары әзірленді. Құм төбелерінен қорғау жұмыстарының ауқымы кең, 30 гектардан астам аумақты қамту қажет", - деді табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиева.
Облыста қазірдің өзінде алты ауылды құм басып, құм төбелері тағы 30 ауылға жақындады. Сексеуіл қоршаулары құмды ұстап тұруы керек. Жасыл белдеуден құралатын мұндай құрылысқа облыстық бюджеттен 367 миллион теңге жұмсалады.
Жаңалықтар
0