Астанаға келетін адамдардың легін реттеу мәселесі талқыланды

© Sputnik / Владислав ВодневЖители Астаны
Жители Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2023
Жазылу
Қазіргі кезде министрлік жағынан осы мәселемен айналысатын жұмыс тобы құрылды
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Астанаға көші-қон ағынын реттеу және бақылау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Кеңес кезінде елордаға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау жағынан заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар ұсыныстар қаралды. Қазіргі кезде министрлік жағынан осы мәселемен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ішкі істер, өнеркәсіп және құрылыс, денсаулық сақтау министрліктері, Астана қаласы әкімдігі, сондай-ақ көші-қон саласындағы сарапшылар енді.
Айта кету кетері, шілде айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға көші-қонды реттеу мен бақылауды күшейту қажет екенін айтты. Жыл сайын Астанаға 50-60 мың адам көшіп келеді екен, ал күн сайын әртүрлі өңірлерден, соның ішінде шетелден 150 мың адам келеді.
"Мұның бәрі қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі жүктеме береді. Жағдайды бақылауға алу және көші-қон процестерін реттеу үшін тиімді қадамдар қажет. Елордаға келушілердің басым бөлігін еңбек мигранттары құрайды, әсіресе жақын маңдағы аймақтардан", - деді мемлекет басшысы.
Сарапшылардың болжамынша, елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай екі миллионға жетеді. Тамыз айында көші-қон комитетінің басшысы Асқарбек Ерсаев бірқатар түзетулердің дайын екенін мәлімдеді. Соның барлығы арнайы заң жобасына енгізіледі.
 Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2023
Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойылуы мүмкін – Дүйсенованың пікірі
Жаңалықтар
0