Спорт

Анна Данилина US Open турнирінің жеңімпазы атанды

© Photo : Қазақстан теннис федерациясыДанилина
Данилина - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2023
Жазылу
Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3.
Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2. Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Осылайша, Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды.
Жаңалықтар
0