Ресейде ұшақ егіс алқабына апатты жағдайда қонды

© Пресс-служба Минздрава Новосибирской области / Медиабанкке өтуРесейде ұшақ егіс алқабына апатты жағдайда қонды
Ресейде ұшақ егіс алқабына апатты жағдайда қонды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
Сочи – Омбы бағытында ұшқан ұшақта 167 адам болған, ешқайсысы зардап шеккен жоқ
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек – Sputnik. Сочи – Омбы бағытында ұшқан жолаушылар ұшағы Новосібір облысындағы егіс алқабына шұғыл қонды. Ұшақ бортында 167 адам болған, оның 23-і балалар. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Уральских авиалиний" компаниясының Airbus A320 ұшағымен байланысты төтенше жағдай Мәскеу уақытымен сағат 05.44-те (Астана уақытымен 08.44) болды, деп хабарлды РИА Новости.
Алдын ала мәлімет бойынша ұшақтың апатты түрде қонуына ұшу кезінде гидравликалық жүйенің істен шығуы себеп болды.
Борттағылардың барлығы эвакуацияланды, ешкім зардап шекпеді, оларды дәрігерлер тексерді, бірақ ешкімге көмек қажет болмады.
Жедел қызметтер ұшақтың өртенбегенін, жерде де ешқандай зақым келмегенін хабарлады.
Жолаушылар жақын маңдағы елді мекеннің мәдениет үйіне уақытша орналастырылды. Көмек көрсету үшін Омбыдан Ан-26 ұшағы ұшып шықты, төтенше жағдай аумағына автобустар жөнелтілді.
Прокуратура ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың орындалуын тексеруге кірісті.
Жаңалықтар
0