Ірі қалалар мен облыс орталықтарына 5G байланысы қашан жетеді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Жазылу
Министрдің айтуынша, ауылдық елді мекендерге 5G технологиясы кешірек жетеді
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G байланысын енгізу процесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Шын мәнінде бұл өте жаңа технология, ауылдық елді мекендерге әзірге жетпейді. Бұл бүкіл әлемде осылай. Әзірге міндет – облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды қамту. Осы жылдың соңына дейін 600-700 базалық станция орнату жоспары болған, бірақ 5G аукционында жеңген операторлар бұл жоспарды өзгертті. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1 мыңнан астам базалық станция орнатылады", - деді Мусин үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, операторлар халық жаңа байланыстың мүмкіндігін байқап көру үшін өңірлерде бірнеше базалық станция орнатып жатыр.
"Республика бойынша операторлар барлық облыс орталығын 2027 жылға дейін қамтуды жоспарлаған еді. Бірақ қазір байланыс операторлары жоспарларын қайта қарап жатыр. Енді олар 5G стандартын ұсыну жобасын 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асырғысы келеді", - деді ведомство басшысы.
Вышка 5G, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2023
5G желісі Қазақстанның қай қаласында бар
Жаңалықтар
0