Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды

© AP Photo / Ahn Young-joonЗымыран
Зымыран  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 13 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Yonhap агенттігі Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб басшыларына сілтеме жасап.
Кейін бұл ақпаратты Жапонияның қорғаныс министрлігі де растады.
Ведомствоның мәліметінше, зымыран межелі нүктеде құлаған.
Зымыранның ұшу қашықтығы, биіктігі, ұшу жылдамдығы және түрі хабарланған жоқ.
Корея Халықтық Демократиялық Республикасы соңғы рет 30 тамызда екі қысқа қашықтықтағы зымыранды ұшырған болатын.
Жаңалықтар
0