Алдағы сайлауда әкімдерді кімдер ұсына алады

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы президента РК 2019
Выборы президента РК 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін пилоттық режимде сайлауды ұйғарды
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 5 қарашада өтетін облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлауда кандидаттарды ұсыну тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комиссия мүшесі Константин Петровтың айтуынша, үміткерлерді саяси партиялар ұсына алады. Әрбір партияға бір сайлау округында бір ғана кандидатты ұсынуға рұқсат беріледі. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар өзін-өзі ұсыну арқылы өз кандидатураларын шығара алады.
"Ол үшін дәл сол окруқта тұратын сайлаушылардың кем дегенде 1 процент қолын жинау керек. Ал кандидаттар болмай қалса, я болмаса, бір ғана үміткер тіркелген жағдайда әкім бір немесе екі адамды ұсына алады. Алайда бұған дейін ауыл әкімдерін сайлау кезінде ондай норманы еш жерде қолданған жоқ", - деді Петров комиссияның бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін Орталық сайлау комиссиясы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін пилоттық режимде сайлауды ұйғарды. Сайлау 5 қарашаға белгіленіп отыр.
Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін барлығын тіркейді. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі. Ал сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жасаған жолдауында 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды тапсырған болатын.
Здание ЦИК Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Облыс орталығы мен аудан әкімдерін сайлау өтеді – ОСК мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0