Денсаулық

Қазан айында тұмауға қарсы вакциналау басталады

© Sputnik / Тимур БатыршинВакцинация пункті
Вакцинация пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
Тұмаудың алдын алу шаралары туралы қаулыға бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қол қойды
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрқан Сәдуақасов эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 қазанда республикада халыққа тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады.
Сондай-ақ құжатта мынадай шаралар көзделген:
медициналық ұйымдардың кіреберісінде "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктер қою;
ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйге шақыру бойынша бірінші кезекте қызмет көрсету;
мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгі жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды оқшаулау;
мектептерде бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылар ЖРВИ-мен ауырса, жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың 30%-і және одан көп ауырса, олар онлайн оқытуға ауыстырылады.
Жаңалықтар
0