Алматыда сотталғандардың адвокаттары сот процесін бұзды

© AP Photo/Thomas Kienzle/POOLАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Бірнеше адвокат қалалық сот ғимаратына сот тыңдауын офлайн өткізуді талап етіп барған
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Алматы сотында қала әуежайы мен диспетчерлік қызметіне шабуыл жасау ісі бойынша жоспарлы сот тыңдауы өтпей қалды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот тыңдауы 19 қыркүйекте онлайн режимде өткізіледі деп жоспарланып, процеске қатысушыларға да алдын ала хабарланған. Алайда бірнеше адвокат қалалық сот ғимаратына сот тыңдауын офлайн өткізуді талап етіп барған.
"Олар тәртіпті бұзып, сот ғимаратына күшпен кірмек болды. Сотталғандардың адвокаттары процеске қосылмады, осылайша сот тыңдауын өткізуге кедергі келтірді", - дейді қалалық сот.
Сот мамандарының пікірінше, адвокаттар осы әрекеті арқылы өздеріне сенім білдіргендердің құқын сақтауға кедергі келтірді.
Сот алқасы қалалық адвокаттар алқасының атына процесті бұзған адвокаттарға қатысты жеке қаулы жіберу туралы шешім қабылдады.
"Бірінші инстанциядағы сотта сотталушылардың туыстары, сондай-ақ басқа қатысушылар сот тыңдауына кедергі келтіріп, агрессивті іс-әрекет жасағандықтан отырысты онлайн өткізу туралы шешім қабылданған болатын", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Адвокаттар сот залындағы мүлікті бүлдіріп, өзге сот процестеріне кедергі келтірді, дейді Алматы қалалық соты.
Жаңалықтар
0