Өңірлер

Көкшетауда екі апта су болмайды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуВодопроводный кран, архивное фото
Водопроводный кран, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2023
Жазылу
Таңертең – 07:00 мен 09:00-дың аралығында, түсте – 13:00-15:00, кешке сағат 20:00-дан 22:00-ге дейін су болады
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Көкшетау қаласында жергілікті коммуналдық кәсіпорын 15 күнге судың тоқтатылатынын хабарлады.
"Көкшетау Су Арнасы" компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, 26 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Шығыс және Солтүстік өндірістік аймақтар ауданында су беру тоқтатылады. Осы шешімнің себебі де жарияланды
"Сол кезде технологиялық қондырғыларда профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, су құбыры мен резервуарларды зарарсыздандыру және жуу шаралары атқарылады", – дейді мамандар.
Қызылжар ауылында, Бірлік, Жайлау мен Бейбітшілік шағын аудандарында суды кесте бойынша беріп отырады. Таңертең – 07:00 мен 09:00-дың аралығында, түсте – 13:00-15:00, кешке сағат 20:00-дан 22:00-ге дейін су болады.
Осы орайда компания қызметкерлері қалада гидравликалық режим бұзылатынын ескертті. Соның салдарынан жоғарғы қабаттарда судың қысымы төмендеуі мүмкін.
Жаңалықтар
0