Атырау ауруханасында ата-аналар балаларымен бірге лифтіде қамалып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневЛифт
Лифт - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2023
Жазылу
Ересектер лифт небәрі 600 кг жүк көтеретінін ескермеген
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Атыраудағы балалар ауруханасында кішкентай науқастар ата-аналарымен бірге лифтіде қамалып қалды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Әуесқой бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
"Бұл оқиға сағат 11:10-да облыстық балалар ауруханасының ғимаратында болды. Күндізгі стационардағы науқастар мен олардың ата-аналары лифтімен көтерілмек болғанда лифт тоқтап қалған. Лифт небәрі 600 кг (8 адам) жүк көтеретінін ескермеген", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, адамдар қолайсыздықты қолдан жасап алған.
"Лифт науқастарды ауыр жағдайда тасымалдау үшін қолданылатындықтан есігінде тиісті жадынама бар. Алайда ересектер бұл ескертуді елемеген. Лифтіде барлығы 10-нан астам адам болған. Салдарынан шамадан тыс жүктен көтергіш уақытша істемей қалған. Сағат 11:20-да техникалық ақаулық түзетіліп, лифт қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0