Өңірлер

Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіІле Алатауында екі жасөспірім адасып кетті
Іле Алатауында екі жасөспірім адасып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2023
Жазылу
Жасөспірімдер үйлеріне аман оралды
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Іле Алатауында 16 жастағы екі жасөспірім адасып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
23 қыркүйекте Іле Алатауы тауларында Көк-Жайлау - Үш ағайынды - Құмбел бағытымен келе жатқан екі жасөспірім жоғалып кеткен. Жедел құтқару тобы дереу оларды іздеуге шықты.

"Жасөспірімдер Құмбел шыңы аймағында таудағы үйдің бірін паналаған. Құтқарушылар оларға жылы шұлық беріп, киімдерін кептіріп, таудан түсірді", - делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылардың арқасында жасөспірімдер үйлеріне аман оралды.
Алматы таулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2023
Алматы тауларында туристер адасып кетті
Жаңалықтар
0