Дерекқор

Көктемгі каникул 2023-2024: наурызда оқушылар неше күн демалады

© Sputnik / Тимур Батыршинмектеп
мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2023
Жазылу
Биыл көктемгі каникул екі күнге созылып отыр. Мектеп оқушылары 11 күн бойы демалады.
Көктемгі каникулдың уақыты:
- 21-31 наурыз.
2024 жылы 21 наурыз бейсенбіге түсіп тұр. Ал 31 наурыз – жексенбі. Осылайша, дүйсенбі, 1 сәуірде оқушылар қайтадан сабаққа барады. Оқу жылының төртінші тоқсаны басталады.
Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқу жылы 25 мамырға дейін жалғасады.
Еске салсақ, 2022-2023 оқу жылында көктемгі каникулға 9 күн ғана берілді. Жазғы демалыстың мерзімі де қысқа болды. Барлығы – 92 күн. Себебі оқу жылы 1 маусымға дейін ұзартылған еді.

Емтихандар қай кезде өтеді

9 - (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар 2024 жылы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді;
11 - (12) сынып оқушылары емтиханды 2024 жылы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында тапсырады
Календарь каникул - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Инфографика
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
Жаңалықтар
0