Air Astana пайдалану қауіпсіздігі бойынша аудиттен өтті

© Sputnik / Тимур Батыршин Air Astana ұшағы
 Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Жазылу
Аудиторлар жанармай құюдан бастап бортта берілетін тамаққа дейінгі барлық элементті тексерді
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы IOSA (IATA Operational Safety Audit) пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі аудиттен тоғызыншы рет сәтті өтті, деп хабарлады ұлттық әуе компаниясы.
"2023 жылғы аудит барысында компания қызметінің барлық саласында мыңға жуық IOSA стандарты мен ұсынылатын тәжірибелердің құжаттамасы мен олардың орындалу барысы расталды", - деп атап өтті Air Astana өкілдері.
Оларға корпоративтік ұйымдастыру және басқару жүйелері, ұшуларды орындау, ұшуарды басқару және диспетчерлік қызмет, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, борттағы қызмет көрсету, әуе кемелеріне жердегі қызмет көрсету, жүкке қатысты операциялар және авиациялық қауіпсіздік кіреді.
Әуе компаниясы алғаш рет аудиттен 2007 жылы өтті және содан бері екі жыл сайын қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін сәтті растап келеді.
IOSA – Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы шеңберінде әзірленген әуе компанияларының пайдалану қауіпсіздігінің аудит бағдарламасы. Бұл әуе компаниясының өндірісін бақылау және басқару жүйелерін бағалауға арналған белгіленген аудит жүйесі. IOSA бағдарламасы БҰҰ-ның Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына қосымшалардағы қолданылатын барлық ИКАО қауіпсіздік талаптарын қабылдайды.
Келесі аудит 2025 жылы өтеді.
Жаңалықтар
0