Азия ойындары - 2023: тағы бір спортшымыз қола медальға ие болды

© туризм және спорт министрлігіАян Бейсенбаев – Азия ойындарының қола жүлдегері
Аян Бейсенбаев – Азия ойындарының қола жүлдегері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді, деп хабарлайды спорт және туризм министрлігі.
Бейсенбаев жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтті.10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25.
Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға(1:51:49) бұйырды.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2023
Спорт
Азия ойындарының үшінші алтыны: қазақстандық мергендер аралас жұптық сында жеңіске жетті
Жаңалықтар
0